KZ
KZ RU
10 сәуір 2024 13:29
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET QFL Бірінші лигасындағы клубтарды кімдер жаттықтырады?

10 сәуір 2024 13:29

Биыл 1XBET QFL Бірінші лигасында 16 клуб ойнайды. Әр клуб жоғары мақсатты көздеу үшін, сапалы ойыншылармен қатар, мықты бапкерге де сенім артады. Назарларыңызға Бірінші лигадағы бас бапкерлерді ұсынғанды жөн көрдік.

 

SD Family – 39 жастағы Егор Азовский 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді. Бірінші лигадағы дебюті.

2005-2008 жылдары аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 21 ойын өткізген.

 

«Ұлытау» - 46 жастағы Марат Еслямов бұған дейін Бірінші лигада «Ақсу» (2021) мен «Қайсарды» (2022) Премьер-лигаға шығарған. Енді «Ұлытаумен» жоғары мақсатты көздейді. Қазіргі сәтте 17 жасқа дейінгі ұлттық құраманы жаттықтырады.

 

«Тараз» - 51 жастағы Нұрмат Мирзабаев 2022 жылдан бері жаттықтырып келеді.

1998-2003 жылдары аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 16 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

 

«Оқжетпес» - 48 жастағы Андрей Ферапонтов 2023 жылдың тамыз айында келген. Премьер-лиганың соңғы турында қосымша уақытта гол жібергенінің кесірінен Бірінші лигаға түсті. 2022 жылы Премьер-лигада «Мақтаралды» тізгіндеген.

 

«Қайсар Жас» - 54 жастағы Сұлтан Әбілдаев Қызылорданың тумасы. Футбол мансабын «Қайсарда» бастап, «Қайсарда» аяқтаған. 2006 жылдан бері бапкерлік штабта жұмыс істейді. 2017-2019 жылдары Бірінші лигада «Байқоңырды» жаттықтырған. Өткен жылы «Қайсар-Жас» командасына тағайындалып, 18 жылдан кейін Бірінші лигаға шығарды.

1992 жылы ұлттық құрамада 3 ойын өткізген.

 

«Ақтөбе-Ж» - 32 жастағы Ернар Жалбыров ұзақ жылдар бойы «Ақтөбенің» құрылымында жұмыс істеп келеді.

 

«Хан-Тәңірі» - 58 жастағы Асқар Қожабергенов енді ғана бапкер ретінде тағайындалды. Бұған дейін осы клубты 2022 жылы баптап, Екінші лигада чемпион атанған. 2001 жылдан бері бірнеше отандық клубты жаттықтырған.

1992-1996 жылдары ұлттық құрамада 8 ойын өткізген.

 

«Жетісай» - 44 жастағы Ерлан Шойтымов 2023 жылы «Жетісайға» келіп, Екінші лигадан шықты. 2022 жылы Бірінші лигада «Яссы» клубын жаттықтырған.

 

«Ақжайық» - 46 жастағы Қуаныш Қарақұлов 2024 жылы «Ақжайыққа» тағайындалды. Бұған дейін 2017 жылы «Мақтарал», 2020-2023 жылдары «Оңтүстікті» баптаған.

 

«Екібастұз» - 56 жастағы Виталий Спарышев Екібастұздың тумасы.

2021 жылдан бері «Екібастұзды» баптап келеді.

1992-1997 жылдары ұлттық құрамада 14 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

 

«Қыран» - 53 жастағы Қанат Мұсатаев 2024 жылы бапкер ретінде келді. 2022 жылы «Тұранды» тізгіндеген.

1992-1997 жылдары ұлттық құрамада 9 ойын өткізген.

 

«Түркістан» - Иран тумасы, Германияның азаматы Реза Паркес 2024 жылдың 1 наурызында келді. Бұған дейін Иран, Тәжікстан клубтарын баптаған.

«Арыс» - 56 жастағы Сергей Тагиев биыл келісім-шартқа отырды. Өткен жылы Бірінші лигада «Түркістанмен» 10-орынға тұрақтаған.

 

«Каспий» - 67 жастағы Владимир Никитенко 2024 жылы келісімге келді. 1991 жылдан бері көптеген клубтарды баптады. «Елімай», «Ақтөбе» сынды командалармен Қазақстан чемпионы атанған.

 

«Қайрат-Жастар» - 64 жастағаы Александр Арефьев 2012 жылдан бері «Қайраттың» құрылымында қызмет атқарады. 2023 жылы ресми түрде «Қайрат-Жастар» клубының бас бапкері ретінде таныстырылды.

 

«Алтай» - 42 жастағы Сергей Лабодовский 2024 жылы «Алтаймен» келісімге келді. Өткен жылы «Хан-Тәңірі» клубында бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде 8 ойын өткізді.

Айта кетейік, 1XBET QFL Бірінші лигасының 2-тур ойындары 10-12 сәуір аралығында өтеді. Ойындарды Q Football, Q Arena, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз. Сондай-ақ, жанкүйерлер үшін сайтымызда және QFL әлеуметтік желілерінде сараптамалық мақалалар, статистикалық ақпараттар мен әр ойынның бейнешолуы қолжетімді.