KZ
KZ RU
09 сәуір 2024 19:16
1XBET БІРІНШІ ЛИГА

1XBET QFL Бірінші лигасы: 2-ші турдағы қызықты матчтар

09 сәуір 2024 19:16

10-12 сәуір күндері 1XBET QFL Бірінші лигасының 2 тур ойындары өтеді. Өткен аптада 16 клубтың қатысуымен басталған бәсекенің 8 ойынында да бірде-бір тең есеп тіркелмеген еді. Бұндай жайт осыған дейін 2020 жылы пандемия уақытында болған.

Осы аптада 2 тур ойындары өз мерзімінен бұрын басталмақ. Себебі, Бірінші лигадағы SD Family мен «Тараз» командасы жексенбі күні Қазақстан кубогының 1/8 финалында бақ сынайды.


10 cәуір


14:00. SD Family – «Қайсар-Жас»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: Аманкельдин Б. (Орал), Құсайынов И. (Атырау), Ходотчук А. (Павлодар)

Қосалқы төреші: Гариев Э. (Астана)

Инспектор: Яковлев О. (Көкшетау)

Екінші лигадан келген қос команда бірінші ойындарында қарсылас қақпасына ең көп қауіп төндіргендердің қатарына (екеуі – 39 соққы) кіріп еді. Бірақ, SD Family есе жіберсе, «Қайсар-Жас» жеңісті жұлып алған болатын. 2023 жылы Екінші лигада 2 клуб 44 голдан соққан. Бірақ түрлі конференцияда болғандықтан, клубтар өзара кездеспеген. Астана қаласының маңындағы ойын ашық, шабуылға толы болады деп ойлаймыз.


16:00. «Жетісай» – «Оқжетпес»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Football телеарнасы

Өтетін жері: Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (Жетісай қ.)

Төрешілер: Ткачев К. (Алматы), Алмасқызы М. (Шымкент), Идрисова Д. (Шымкент)

Қосалқы төреші: Усенбаев Н. (Түркістан обл.)

Инспектор: Жаппасбаев С. (Қызылорда обл.)

Екінші лигадан көтерілген тағы бір клуб – «Жетісайды» тағы мықты қарсылас күтіп тұр. Аутсайдер саналғанымен, «Жетісай» өз алаңында барын салатыны анық. Алайда алғашқы турда бар мәселесін бірінші таймда шешкен «Оқжетпес» те сырт алаңда кезекті жеңісін алып кетуге тырысады.

Өзара кездеспеген.


16:00. «Қайрат-Жастар» – «Тараз»

«Қайрат-Жастар» командасы өз алаңында «Таразды» 2018, 2023 жылы қабылдап, екеуінде жеңіске жеткен. Статистика «Қайраттың» тарапында болғанымен, Жамбыл облысының ұжымы ащы жеңілістен арылуға тырысады. Сондай-ақ, алматылық клуб бірінші турда «Алтай» қақпасына бірнеше шабуыл жасағанымен, тек пенальти арқылы ғана гол соға алғанын ескерген жөн.

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q Arena телеарнасы

Өтетін жері: Тимур Сегізбаев атындағы Академия стадионы (Алматы қ.)

Төрешілер: Вишняков Д. (Семей), Дышкант Д. (Талдықорған), Проскуряков И. (Өскемен)

Қосалқы төреші: Сержанулы Б. (Алматы қ.)    

Инспектор: Кистер И. (Ақтөбе)

11 сәуір

14:00. «Ақтөбе-Ж» - «Түркістан»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты, Q Football мен Q Arena теларнасы

Өтетін жері: «ОМБЖОРСМ» стадионы (Ақтөбе қ.)

Төрешілер: Дышкант Н. (Талдықорған), Осипов М. (Тараз), Ахмедов А. (Қаратау)

Қосалқы төреші: Оңғарбаев Р. (Ақтөбе)

Инспектор: Хуснутдинов Р. (Орал)

Өткен маусымды төменгі жақта аяқтаған «Түркістан» үшін қолайлы бірнеше қарсыластар бар. «Қыранды» жеңді, ендігі кезекте «Ақтөбе-Ж». 2023 жылғы 2 ойында да «Түркістан» басым түскен. Өткен ойында жанкүйерлер Шерзад Примбердиевтің («Түркістан») дирблингтеріне тәнті болып еді. 18 жастағы футболшы үшін алдағы матчта сәтті сериясын жалғастыруына жақсы мүмкіндік туындап тұр.


16:00. «Арыс» – «Хан-Тәңірі»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты, Q Football мен Q Arena телеарнасы

Өтетін жері: Орталық стадион (Арыс қ.)

Төрешілер: Тілеуов Е. (Қызылорда), Жалғас К. (Қызылорда), Тәңірбергенұлы Н. (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Жарылқасым Н. (Түркістан обл.)

Инспектор: Ходин А. (Атырау)

Өз жанкүйлері алдында бірде-бір дәл соққы бағыттай алмаған «Арыс» кезекті рет Бірінші лиганың мықтысы саналатын «Хан-Тәңірін» қабылдамақ. Өз деңгейін толық деңгейде көрсете алмаған алаң иелері фавориттен ұпай ала ма екен?!


16:00. «Екібастұз» – «Қыран»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты және Q League телеарнасы

Өтетін жері: «Шахтер» стадионы (Екібастұз қ.)

Төрешілер: Попов С. (Астана), Русяев А. (Қарағанды), Вахитов Е. (Қостанай)

Қосалқы төреші: Будниченко Д. (Екібастұз)

Инспектор: Пасько С. (Алматы)

Кейінгі 2 кездесуде «Қыран» клубы жеңіске жетіп келеді. Алайда одан бері біршама уақыт өтті. «Екібастұз» сапын Премьер-лигада доп тепкен бірнеше футболшы толықтырды. Шабуыл шебіндегі ойыншы – Асланбек Какимов («Екібастұз») өткен айда Қазақстан кубогының топтық кезеңінде "Қыранға" 3 мәрте гол салған еді. Енді «Қыран» бұл футболшыға қаншалықты тосқауыл бола алады?


12 сәуір


14:00. «Каспий» - «Алтай»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты, Q Football мен Q Arena телеарнасы

Өтетін жері: Әмин Тұяқов атындағы стадион (Жаңаөзен қ.)

Төрешілер: Сержанұлы Б. (Алматы), Арынханов Н. (Алматы), Арыстанбай Ш. (Шымкент)

Қосалқы төреші: Идрисов С. (Ақтау)

Инспектор: Қызылбаев Б. (Ақтөбе)

Маңғыстау облысының қарқыны мықты. «Арысқа» еш мүмкіндік қалдырмаған команда Екінші лигадан келген «Алтайды» да аямасы анық.


16:00. «Ұлытау» - «Ақжайық»

Тікелей эфир: QFL.KZ сайты, Q Football мен Q Arena телеарнасы

Өтетін жері: «Металлург» стадионы (Жезқазған қ.)

Төрешілер: Никлевич В. (Петропавл), Макатов Т. (Петропавл), Тургунбеков Р. (Петропавл)

Қосалқы төреші: Бурдейный А. (Қарағанды)

Инспектор: Мурзабеков М. (Қызылорда)

Бірінші лигадағы терезесі теңдей командалар. Былтыр «Ұлытау» Екінші лигада ең көп 74 гол соққан еді. Ал «Ақжайық» Бірінші лигада ең аз гол жіберген ТОП-3 қатарынан табылған.


Ойындарды Q Arena, Q Football, Q League телеарналары мен QFL.KZ сайтынан тікелей эфирде көре аласыз.