KZ
KZ RU
04 қараша 2023 22:35
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

«Тобыл» Olimpbet-2023 кубогының жеңімпазы атанды!

04 қараша 2023 22:35

4 қараша күні сағат 16:00-де "Астана Арена" стадионында шымкенттік "Ордабасы" мен қостанайлық "Тобыл"арасындағы финалдық матч өтті.  

Тартысты бәсекеде Қостанайдан келген команда жеңіске жетті. 68-минутта жалғыз гол соғылды, доптың авторы Ислам Чесноков атанды. Милич Чурчичтің шәкірттері, сондай-ақ Olimpbet-Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған "Ордабасы" футбол клубы Еурокубоктарда өз күштерін тағы да көрсетеді.

Кубок иегерлерін Қазақстан кәсіби футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян құттықтады :

"Тобылды финалдағы лайықты жеңісімен құттықтаймын. Сыйлаған футбол мерекесі мен әдемі ойыны үшін командаларға рахмет!

Ең бастысы, бүгін көп болған жанкүйерлерімізге үлкен рахмет айтқым келеді! Сіздердің арқаларында Қазақстанда футболға деген қызығушылық дамуда! Сіздің шынайы қолдауларыңыз, біздің командалар мен ойыншылар үшін басты сыйлық! Сізге Рахмет!»

Матчтан басқа стадионда қызықты конкурстар мен керемет ұтыс ойындары өтті.

Финалдық ойынды тамашалау үшін стадионда 10 мыңнан астам жанкүйер жиналды, олар өздерінің сүйікті командаларын қызу қолдады.

Әдемі ойын, тартысты сәттер мен ыстық жанкүйерлер стадионда ерекше атмосфера жасады.

 

Қазақстан футболы, келесі маусымда кездескенше!