KZ
KZ RU
01 наурыз 2024 21:35
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Көптен күткен дерби: футболдан Премьер-лиганың жаңа маусымы басталды

01 наурыз 2024 21:35
Көптен күткен дерби: футболдан Премьер-лиганың жаңа маусымы басталды

Бүгін футболдан OLIMPBET QFL Премьер-лигасы-2024 жаңа маусымы елордалық «Астана» - «Жеңіс» клубтарының ойынымен ашылды. 

Алматы қаласындағы «Хан тәңірінің» стадионы саналатын жасыл алаңдағы кездесуде  18-ші минутта чемпионаттың алғашқы голы автогол ретінде тіркелді. 

Ал екінші Қызылордадағы ойында жергілікті «Қайсар» өткен маусымның қола жүлдегері «Ақтөбеге» 1:3 есебімен жол берді. Ал Идрис Умаев чемпионаттағы алғашқы дубль авторы атанып, бір нәтижелі пас шығарды. 

Ертең 1-тур аясында тағы 4 ойын өтеді. 

14:00 «Қайрат» - «Қызылжар» (Qazsport телеарнасы)
14:00 «Елімай» - «Атырау» (Q Football / Q Arena телеарнасы)
16:30 «Ордабасы» - «Шахтер» (Q Football / Q Arena телеарнасы)
19:00 «Тобыл» - «Тұран» (Q Football / Q Arena телеарнасы)

«Q Football» жаңа телеарнасындағы эфир әзірше AlmaTV және Beeline операторларында қол жетімді. Сіздерге қолайлы болу үшін,«Q Football» телеарнасындағы барлық көрсетілімдер «Q Arena» каналында да  қамтылмақ. Сонымен қатар біздің Telegram каналымызда кездесудегі маңызды сәттерді, голдардың үзіндісін және ойындардың шолуын көре аласыз.

Жаңа маусымнан басты жаңалықтарының бірі — ойындардың эфирлік сапасы айтарлықтай жақсарды. Тікелей эфирлерді өндіру үшін кәсіби бейнекамералар саны ұлғайтылды, жаңа графикалық пакет енгізілді, арнайы медиа платформа әзірленуде және жаңа Q-Football телеарнасы қосылды. Енді біздің QFL.kz сайтымызда барлық кездесулерді тікелей эфирден тамашалай алуға болады.