KZ
KZ RU
07 мамыр 2024 11:18
ЕКІНШІ ЛИГА

5-ші тур: «Тобылдың» жастары ТОП-3-те қала ала ма?

07 мамыр 2024 11:18

7-8 мамыр күндері QFL Екінші лигасының 5-ші турында Қостанайда «Тобыл Ж» кезекті рет жеңсе, ТОП-3-тегі орнын нығайта түседі. Ал Қарағандыда «Шахтердің» жастары елорданың кезекті мықтысы «Астана Ж» ұжымын қабылдамақ.

 

«Оңтүстік-Батыс» Конференциясы


7 мамыр

 

KazAST – AKAS

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Football land (Алматы)

Төрешілер: А.Курбанов (Тараз), Б.Алиев, Е.Жанпейіс (екеуі де Алматы қ.)

Қосалқы төреші: Б.Сержанұлы (Алматы қ.)

Инспектор: Г.Камчатный (Алматы қ.)

Қазақ спорт және туризм академиясының футболшылары Екінші лигадағы ең тәжірибелі қарсыласпен жолығады. Өткен ойынның соңғы минутында есепті теңестірген KazAST үшін бұл матч қиын болады деп күтілуде. Өйткені Сергей Гридин бастаған азулы қарсылас қателікті кешірмейді. Оған «Қайсар-Шиелімен» болған кездесу дәлел.

 

«Атырау Ж» - «Қайсар-Шиелі»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Мұнайшы» стадионы (Атырау)

Төрешілер: Д.Кустаев (Орал), И.Құсайынов, А.Жұмаханов (екеуі де Атырау)

Қосалқы төреші: А.Мұхат (Атырау)

Инспектор: А.Ходин (Атырау)

Екі ойынын сырт алаңда өткізген «Атырау Ж» бір айдан кейін ғана өз үйінде матчты қабылдайды. Өткен турда алғашқы ұпайын дебютанттан алған атыраулықтар енді «Мұнайшы» стадионында жеңіске жетуді көздейді. Бірақ қайсарлығымен көзге түсіп жүрген «Қайсар-Шиелі» қауқар көрсетуге тиіс.

 

«Тұран Ж» - «Ордабасы Ж»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Arena телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Октябрь Жарылғапов атындағы стадион (Түркістан)

Төрешілер: Е.Канаев (Тараз), А. Мұстафа, Н. Сәрсен (екеуі де Шымкент)

Қосалқы төреші: С.Мұсалы (Түркістан обл.)

Инспектор: А.Шерменов (Түркістан обл.)

Өткен турда «Тұран Ж» ойыншысы Аман Байораз «Іле-Алатаумен» болған кездесудің соңғы минутында есепті теңестіріп, өз командасына алғашқы ұпайды сыйлаған болатын. Бірақ «Ордабасы Ж» командасының қарқыны күшті. 2 ойын қатарынан сенімді жеңіске жетті. Клубтар соңғы рет 2022 жылы кездесіп, «Тұран Ж» 5:0 есебімен басым түскен. Алайда дәл қазір шымкенттіктер жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

 

8 мамыр

 

«Тараз Ж» - «Оңтүстік»

Уақыты: 12:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Жастар» (Тараз)

Төрешілер: Е.Тілеуов (Қызылорда) Б.Бердиев, К.Чурсун (екеуі де Тараз)

Қосалқы төреші: Р.Нурдинов (Тараз)

Инспектор: С.Кошкаров (Тараз)

Ойын тұрғысынан таза жеңілген «Тараз Ж» ұжымы кезекті рет мықтылардың бірі «Оңтүстікті» қабылдайды. Өз алаңы тараздықтар үшін қорған болып, жанкүйерлерін қалай да қуантуға тырысады. Бірақ «Оңтүстік» Екінші лигада гол аз жіберетін әрі көп шабуылдайтын команданың бірі.

 

«Іле-Алатау» - «Мақтаарал»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Football land (Алматы)

Төрешілер: Б.Сержанов (Алматы) С.Аманбай, Э.Малинка (екеуі де Алматы обл.)

Қосалқы төреші: Е.Жанпейіс (Алматы)

Инспектор: Н.Доскеев (Алматы)

Басты фавориттің бірі AKAS клубын жеңген «Іле-Алатау» қалған матчтарда әдеттегідей тең түсіп жатыр. Алайда олардың өздерінен мықты командамен жақсы ойнайтынына куә болдық. Бәлкім, «Мақтааралдан» да ұпай алып қалар?

 

«Жас Қыран» - «Талас»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Жас Қыран» (Алматы)

Төрешілер: Ж.Сейдахметов (Талдықорған), А.Маханбет, М.Юрин (екеуі де Алматы)

Қосалқы төреші: А.Ахметов (Алматы)

Инспектор: С.Уфимцев (Алматы)

Дебютант «Талас» осыған дейінгі сырт алаңда өткізген екі матчта 0:7 есебімен жол берді. Оның үстіне алаңнан қуылған жартылай қорғаушы Аман Нышанов көмектесе алмайды. Ал «Жас Қыран» сенімді түрде ТОП-5 команданың қатарына кіріп тұр. Кімнің фаворит екендігі айтпаса да түсінікті.

 

«Солтүстік-Шығыс» Конференциясы


7 мамыр


«Қызылжар Ж» - «Елімай Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Қарасай» стадионы (Петропавл)

Төрешілер: Д.Полянский (Көкшетау), Т.Макатов, О.Герасимова (екеуі де Петропавл)

Қосалқы төреші: Р.Тургунбеков (Петропавл)

Инспектор: А.Горда (Көкшетау)

4-ші турда ірі жеңіліс тапқан петропавлдықтар өз алаңында жеңістің дәмін татпаған «Елімай Ж» командасымен жолығады. Дәл қазіргі сәтте Абай облысының жастары сырт алаңдағы 2 кездесуде де ұпай сыйлаған болатын. Командалардың былтырғы ойынында «Елімай» жастары бір рет жеңіп, бір мәрте тең түскен еді.

 

«Тобыл Ж» - «Ақсу»

Уақыты: 14:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Тобыл Арена» (Қостанай)

Төрешілер: С.Пучков, Е.Вахитов, В.Курнявка (барлығы Қостанай)

Қосалқы төреші: С.Шелег (Қостанай)

Инспектор: А.Павленко (Қостанай)

Кейінгі үш кездесуде 11 гол соққан қостанайлықтар үшін кезекті сынақ күтіп тұр. Маусым басталмай тұрып, фавориттің бірі болған «Ақсудың» әзірше жолы болар емес. Командалардың шабуыл жасау көрсеткіштері шамалас. Ойыншылар сапасы жағынан қонақтар фаворит саналғанымен, «Тобыл Ж» ұжымын тоқтату қиын болмақ.

 

SD Family Ж – «Жеңіс Жас»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q Football телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Sydykbek Arena (Астана)

Төрешілер: С.Карабаев, Ф.Ташметов, А.Жарасов (барлығы Астана)

Қосалқы төреші: Э.Гариев (Астана)

Инспектор: Б.Тусеев (Астана)

«Жеңіс Жас» үшінші матч қатарынан өз ойынын Sydykbek Arena-да өткізеді. Дебютанттардың арасындағы кездесуде SD Family Ж күмәнсіз жеңуі керек. Әзірше осы маусымда ойын тұрғысынан фавориттерден кем түсіп тұрған жоқ.

 

8 мамыр

 

«Жетісу Ж» - «Оқжетпес Ж»

Уақыты: 12:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Батыржан Оңғаров атындағы орталық стадион (Балпық би, Жетісу облысы)

Төрешілер: И.Карпов (Алматы обл), М.Субботин, Н.Коновалов (екеуі де Талдықорған)

Қосалқы төреші: В.Стасенко (Талдықорған)

Инспектор: Н.Джаспенов (Алматы)

Былтырғы көш соңындағы командалар жолығады. Биыл «Жетісу Ж» ұжымында алға жылжушылық кәдімгідей байқалады. Тіпті сырт алаңда ең мықты деген «Ертіс» клубына бір сағаттай шыдап берді. Қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, гол соқты. Ал «Оқжетпес Ж» өкінішке қарай, 1 ұпай алғанымен, қорғанысқа ғана басымдық беруде. Нәтижелі шабуыл жасаудың өзі мұң болып тұр.

 

«Шахтер Ж» - «Астана Ж»

Уақыты: 16:00

Тікелей эфир: Q League телеарнасы және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: «Шахтёр» орталық стадионы (Қарағанды)

Төрешілер: А.Казбеков (Қостанай), Н.Алибеков (Қарағанды), Ж.Кабдыш (Сарань)

Қосалқы төреші: Т.Сорокопудова (Қарағанды)

Инспектор: С.Бородин (Қарағанды)

«Шахтер Ж» кезекті рет турнирдің жоғарғы орнындағы әрі жеңіліссіз келе жатқан «Астана Ж» командасын қабылдайды. SD Family Ж ұжымының лайықты деңгейде қарсылық танытқанына куә болдық. Мүмкін, астаналықтар «Шахтер Ж» командасының жолына тосқауыл болар? Бұған дейін қос команда 2021 жылы кездесіп, екеуінде де «Астана Ж» жеңісті тойлаған.

 

«Ертіс» – «Алтай Ж»

Уақыты: 18:00

Тікелей эфир: Q Football, Q Arena телеарналары және QFL.KZ сайты

Өтетін жері: Орталық стадион (Павлодар)

Төрешілер: М.Искаков (Астана), А.Ходотчук, Е.Карлов (екеуі де Павлодар)

Қосалқы төреші: Н.Алибеков (Павлодар)

Инспектор: О.Рылов (Павлодар)

«Ертіс» 4 ойында қарсыласқа 120 соққы жасап үлгерді. Осындай статистикамен олар дебютанттарды қабылдамақ. «Алтай Ж» 5 ұпай ғана жинағанымен, әзірше қарсыластарынан оңайлықпен есе жібермеді. Олар «Астана Ж», «Ақсумен» тең түсті. Бәлкім, Павлодардан да ұпаймен қайтып қалар?!