РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарРуслан Камболовтың голы қыркүйек айында үздік деп танылды

06 Қазан 2022, 11:45

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның қыркүйек айындағы ең үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында әлеуметтік желіде ашық сауалнама өткізді.

Жанкүйерлердің  таңдауына үшін өткен айда Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты аясында соғылған үздік 10 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» ФК жартылай қорғаушысы Руслан Камболовтың орындауындағы «Мақтаарал» қақпасына соғылған өткен айдың үздігі болып таңдалды. Аталмыш нәтижелі соққыға респонденттердің 53,52% өз дауыстарын берді.

Екінші орынды «Тараз» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жұмабектің «Ақсу» қақпасына соғылған голы (22,13%) иеленді.

Ал үздік үштікті Қазақстан құрамасының тағы бір мүшесі, алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Артур Шушеначевтің «Ордабасы» қақпасына соғылған голы (11,1%) тұйықтады.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6461 )