РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарЕркебұлан Тұңғышбаев - Қазақстанның қыркүйек айындағы үздік футболшысы!

05 Қазан 2022, 10:56
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты командаларының бапкерлері мен капитандары арасында 2022 жылдың қыркүйек айындағы үздік футболшысын анықтау үшін дәстүрлі сауалнама өткізді.
 
Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін 3 ұпай, екінші орын үшін 2 ұпай, үшінші орын үшін 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Іс-шара қорытындысы бойынша қыркүйек айында «Ақсу» командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Тұңғышбаев еліміздің үздік футболшысы атанды. 27-жасар ойыншы қыркүйекте өткен үш турда бес нәтижелі соққымен көзге түсті.
 
Екінші орында — өткен ойындарда 4 гол соққан алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жоао Пауло.
 
«Тобыл» ФК жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков үздік үштікті қорытындылады.

Кім кімге дауыс берді:

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6458 )