РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ жалпы жиналысының кезекті отырысы өтті

28 Қыркүйек 2022, 16:56

28 қыркүйекте Астанада футбол үйінде Лиганың Жалпы жиналысының отырысы өтті.

Іс-шара барысында бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер, оның ішінде Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттарын мақұлдайтын Лига кеңесін құру идеясы талқыланды. Кеңес құрамына ҚКФЛ Президенті, чемпионатқа қатысатын лигаға мүше клубтардың 8 өкілі, Бірінші Лига біріншілігіне қатысушылардан 2 өкіл кіретін болады.

Лиганы Атқарушы директор лауазымының атауын ҚКФЛ Бас хатшысы лауазымына өзгерту туралы шешім қабылданды. ҚКФЛ Бас хатшысына ұйымның жедел басқарудың барлық функциялары беріледі.

«Қазақстанның жасөспірімдер футбол лигасының» жобалық кеңсенің басшысы Александр Орлов Қазақстандағы жастар футболының әлеуетін дамыту жолында түрткі болатын «Freedom жасөспірімдер лигасы» атты жаңа футбол жарысының тұсаукесерін жасады. Аталмыш жоба жас ойыншыларды дайындау принциптерін сапалы деңгейге шығару жолында үлкен қадам болып табылады. Бірінші кезекте бұл жоба жастар чемпионатын демеуші тарапынан қаржыландыру арқасында жүзеге асады.

Жиналыс аясында қаралған маңызды мәселелердің бірі — 2023 жылғы маусымның Бірінші лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы Біріншілігінің титулдық демеушісін бекіту. Клубтар қазақстандық «UBET» букмекерлік компаниясымен келісімшартқа қол қоюды және «UBET-Бірінші Лига» турнирінің жаңа ресми коммерциялық атауын бекітуді қолдады.

Бұдан басқа, күн тәртібі аясында ҚКФЛ жалпы жиналысында келесі шешімдерді қабылдады:
- Клубтың таратылуына байланысты «Екібастұз» ФК лига құрамынан шығару туралы шешім.
-UBET-Бірінші Лига мен Екінші Лига біріншіліктерінің матчтарына арнайы электрондық хаттама жүйесін енгізу бекітілді.
- adidas Al Raha Pro Ball ойын добы 2023 жылы ҚКФЛ өткізетін жарыстардың ресми добы ретінде бекітілді.
 
 
 
 
 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6451 )