РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстан ұлттық құрамасын УЕФА Ұлттар лигасындағы жетістігімен құттықтаймыз!

23 Қыркүйек 2022, 15:02

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан ұлттық құрамасын тарихи жетістікпен құттықтайды.

Біздің құрама «Астана Арена» алаңында 2:1 есебімен Беларусь құрамасынан басым түсіп, С лигасыдағы өз тобын мерзімінен бұрын жеңіп алды. Әзірбайжан, Словакия және Беларусь құрамаларымен бір топ құраған Магомед Адиевтің командасы 13 ұпай жинады. Аталмыш жетістік біздің командамызға УЕФА Ұлттар лигасының келесі топтық кезеңінде В лигасында өнер көрсетіп, Еуропаның үздік құрамаларымен бәсекелесуге, сонымен қатар 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алатын командалардың қатарына кіруге мүмкіндік ашты.

Қазақстан ұлттық құрамасының тамаша ойыны жанкүйерлер мен футбол сүйер қауымға тамаша әсер сыйлады. Бапкерлер штабы мен футболшыларды, сонымен қатар осы тарихи жетістікке қол жеткізу үшін талмай еңбек еткен барлық мамандарды шын жүректен құттықтаймыз!

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6450 )