РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚазақстандық клубтардың UEFA Конференциялар Лигасындағы қарсыластары белгілі болды

15 Маусым 2022, 17:46

Ньонда қаласында өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша еліміздің үш клубы UEFA Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан OLIMPBET-Кубогының иегері «Қайрат» Венгрия чемпионатының екінші командасы «Кишвардамен» кездеседі.

Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының күміс жүлдегері елордалық «Астана» Польша чемпионатында күміс медальдарды иеленген «Ракувпен» ойнайды.

Ал петропавлдық «Қызыл-Жар СК» аталмыш жарыста хорватиялық «Осиекпен» кездеседі.

Жарыстың осы кезеңінің ойындары 21 және 28 шілдеде өтеді. «Қызыл-Жар» мен «Қайрат» өздерінің алғашқы ойындарын өз алаңдарында өткізсе, «Астана» еуропадағы жорығын сырт алаңдағы ойынмен бастайды.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6344 )