РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • OLIMPBET-Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарОтандық клубтардың еурокубоктардың келесі кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды

19 Шілде 2021, 19:14

Бүгін, 19 шілдеде Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің және УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Аталмыш жарыстарда төрт қазақстандық клуб өнер көрсетеді.

Жеребе қорытындысы бойынша еліміздің қазіргі чемпионы «Қайрат» өткен маусымдағы Сербияның ең мықты клубы «Црвена Звезданы» ұтқан жағдайда, келесі кезеңде «Алашкерт» (Армения) – «Шериф» (Молдова) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бір қызығы, аталмыш жұптарда жеңілген командалар Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде бақ таласады.

Елордалық «Астана» грекиялық «Арис» командасын өткен жағдайда, келесі кезеңде КуПС (Финляния) – «Ворскла» (Украина) жұбының жеңімпазымен ойнайды. Тағы бір Украина чемпионатының өкілі - «Колос» клубы – қарағандылық «Шахтермен» кездесуі мүмкін, бірақ ол үшін «кеншілерге» Румынияның беделді клубы «Стяуаны» ұту қажет.

Қостанайлық «Тобыл» екі ойын қорытындысы бойынша хорватиялық «Хайдукты» өтсе, УЕФА Конференциялыар лигасының келесі кезеңінде «Аполлон» (Кипр) -  «Жилина» (Словакия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің ойындары 21 және 28 шілдеде өтсе, ал Конференциялар лигасының екінші кезеңнің кездесулері 22 және 29 шілдеде жоспарланған.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 6053 )