РУС ҚАЗ
OLIMPBET-Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • OLIMPBET-Суперкубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарБАҚ өкілдерінің назарына!

22 Ақпан 2021, 15:46

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусымның OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының ойындарына аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.

OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы екі жартылай финал кездесулерінен, үшінші орын үшін ойыннан және финалдан тұрады.

Өтетін орны: Түркістан қаласы, "Түркістан Арена" стадионы

Өтетін мерзімі: 2 мен 6 наурыз аралығы.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі және байланыс нөмірі жазылған, БАҚ жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) ҚКФЛ баспасөз қызметінің электронды поштасына (press@pflk.kz) жіберу керек.

Бір бұқаралық ақпарат құралынан тек бір журналист және бір фотографтан ұсыным қабылданады.

БАҚ ұсынымдары 27 ақпанға дейін қабылданады.

 

Ескерту:

- ойын алды және ойыннан кейінгі баспасөз маслихаттарын өткізуге тыйым салынған. 

- стадион ішіндегі микст-аймақ жұмыс жасамайды, бапкерлер мен ойыншылардан сұхбат алу қатаң түрде тыйым салынған.

- OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогының ойындары кезінде журналистке тек қана стадион трибунасында орналасқан баспасөз ложасында болуға, ал фотографқа футбол алаңында (қақпаның артында) жұмыс жасау рұқсат етілген.

- бейнеоператорларға түсіру тек қана стадион трибуналарында рұқсат етілген.

- барлық БАҚ өкілдерінде жеке қорғану құралдары (медициналық бетперде және қолғап) болуы шарт.

 

Бейдждерді тарату ойындардың алдында жоспарланған.

Анықтама телефоны: +7 (702) 446-46-89.

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5902 )