РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

Жаңалықтар#ДәрігерлергеРахмет #СпасибоВрачам

01 Шілде 2020, 10:00

OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының III тур ойындары отандастарымыздың денсаулығы үшін жан аямай, қауіпті індетпен күресіп жүрген барлық медицина қызметкерлеріне құрмет ретінде бір минут қол соғудан басталады.

Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы, OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысушы клубтар күнделікті өмірде аурулармен күресіп, өз денсаулықтарына қауіп төндіріп, адамдарға нағыз қорғаныш атанған медицина айналасындағы барлық қызметкерлерге үлкен құрмет білдіреді.   

Оларға осындай қиын уақытта бүкіл әлемді жайлаған қауіпті вируспен күресуге тура келеді. Қазір барлық медицина қызметкерлері адамдар денсаулығы үшін үзіліссіз жұмыс жасап, үлкен жүктеме сезінуде.    

Отандық стадиондарда орналастырған #ДәрігерлергеРақмет, #СпасибоВрачам хештегтері – осы уақытта әлемдегі ең маңызды мамандыққа айналған медицина қызметкерлеріне біздің алғысымыз.  

Құрметті медицина қызметкерлері, сіздердің алдарыңызда бас иеміз! #ДәрігерлергеРақмет! #БізБіргеміз!

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5711 )