РУС ҚАЗ
OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарQAZSPORT телеарнасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын толық көрсетеді!

30 Маусым 2020, 17:48

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) және «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының барлық ойындарын «Qazsport» телеарнасында көрсету туралы келісімшартқа қол жеткізді.

Телеарнаның тікелей эфирінде әр турдың бірнеше ойынын көрсету жоспарлануда. Ал, тікелей эфирге шықпаған кездесулерді live режимінде qazsporttv.kz сайтында және Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы көруге болады, кейін бұл ойындар телеарна эфирінде қайталанады.

Бұдан бөлек, жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасында Чемпионаттың әр туры аяқталғаннан кейін тікелей эфирде қазақстандық футбол туралы аналитикалық ток-шоу көре алады.

 «Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбеков отандық футболды көрсетудың алдағы жоспарларымен бөлісті:

- Qazsport» спорт арнасының туған күні қарсаңында OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының барлық ойындары біздің телеарнаның тікелей эфирінде көрсетілетінін хабарлау - біз үшін қуаныш. Бұл біріншіден еліміздегі көптеген футбол жанкүйерлерінің сұранысы, тілегі негізінде қолға алынса, екіншіден әлемдік пандемия кезінде стадиондарға барып қолдау көрсете алмайтын барша спортсүйер қауымға үлкен сый деп білеміз. Егер турдағы кездесулер бір уақытта өтіп немесе ойындар кезінде тікелей эфирде үлкен халықаралық іс-шара көрсетіліп жатса, футбол ойындарының көрсетілімі ресми интернет-сайтта жүргізілетін болады. Сонымен қатар, біздер алдағы турдан бастап, барлық ойындар аяқталғаннан кейін тікелей эфирде футболсүйер қауым назарына аналитикалық бағдарлама ұсынамыз. Спорт жанкүйерлерін алдағы уақытта сапалы және сұранысқа сай контентпен қуантамыз деген ойдамын.

 Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев келіссөздер қорытындысы туралы:

- Қазақстан» телерадиокорпорациясымен ортақ келісімге келгенімізге қуаныштымыз. Бірігіп OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының ойындарын көрсетуде осындай қадам жасау маңызды деген пікірдемін. Отандық жанкүйерлердің өз сүйікті командаларын стадионда қолдай алмайтын қиын уақытта бұл шешімге келгеніміз өте маңызды. Бұл кезде телевизия, монитор және смартфондар футбол ойындардын тамашалаудың  негізгі көзіне айналады. Осы уақыттан бастап біздер 5 жыл бойы футбол ойындарын түсіріп келген ҚКФЛ-ТВ жобасының тәжірибесімен бөлісе отыра, «Qazsport» телеарнасымен бірігіп футбол трансляцияларын ұйымдастырамыз.

 Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин барлық көрермендерді футболдың мемлекеттік телеарнаға қайта оралуымен және «Qazsport» телеарнасын туған күнімен құттықтады:

- Қазақстан кәсіпқой футбол федерациясы «Qazsport» телеарнасын ашылған күннен бастап қолдап келе жатыр. Бұл арна – біздің стратегиялық медиа-серіктес, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын көрсететін басты арна. Мен OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты толыққанды түрде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының эфирі мен интернет-желісінде көрсетілетініне өте қуаныштымын. Елімізде орын алған қиын жағдайда футбол барлық отандастарымазға қуаныш сыйлайтынына сенімдімін. «Qazsport» телеарнасын құттықтай отыра, кәсіби және шығармашылық жетістіктер тілеймін! 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5710 )