РУС ҚАЗ
Суперкубок
x

Жарыстар орталығы

  • OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионаты
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Суперкубок
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарТигран Барсегян: «Астананың» құрамында ойнауға лайық екенімді дәледеуге тырысамын»

27 Ақпан 2020, 12:44

 Маусым арасында «Астана» командасының қатарын толықтырған Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Суперкубок ойынында өзінің бұрынғы командасына қалай қарсы тұратыны туралы айтып берді:

 
- «Астана» командасына қалай ауыстыңыз? Клубтың қатарына қосылғаныңызға қуаныштысыз ба?
- Өткен маусымда «Қайсардың» қатарында ойнадым. Шамасы менің ойыным «Астана» жетекшілеріне ұнаған сияқты. Олар маған ұсыныс тастады. Ұзақ ойланбадым. Отбасыммен ақылдасып, шешім қабылдадым.
 
- «Қайсардың» қатарында жүргенде өткен маусымдағы елордалық команданың ойыны қандай еді?
- «Астана» - өте мықты команда. Соңғы алты жылда бекерден чемпионаттың жеңімпазы атанған жоқ. Өткен маусымда да жақсы нәтиже көрсетті. Әр кездесуде сенімді ойнады.
 
- «Астана» командасының жаңа бапкері Михал Билектің жұмысынан қандай әсер алдыңыз? Жаттығу процесінің қызылордалық клубтан қаншалықты айырмашылығы бар?
 
- Әрине, әр бапкердің талабы әртүрлі. Футболға деген көзқарастары да ерекшеленеді. Михал Билектің жұмысынан әзірге жақсы әсер алып жатырмын. Ол маған сенім артады. Ал, мен сол сенімді маусымдағы ойыныммен қайтарғым келеді.
 
- «Астананың» құрамы жақсы ойыншылармен жасақталған. Негізгі құрамдағы орын мен бәсекеге дайынсыз ба?  
- Бәсеке – табыстың кепілдігі. Ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. «Астананың» құрамында ойнауға лайық екенімді дәледеуге тырысамын. Әйтпесе, елордалық ұжымның қатарына келмес едім.
 
- «Астананың» қатарындағы алғашқы ойыныңыз бұрынғы командаңызға қарсы болмақ. Бұл жағдай қаншалықты ынта-жігер береді?
 
- Бұл - футбол өмірі. Өткен маусымда бар күшімді «Қайсарға» салып, Қазақстан Кубогын жеңіп алдық. Ал, қазіргі уақытта «Астана» жеңіске жету үшін күш-жігерімді сарқуға дайынмын. Өткен маусымда қолдау көрсеткен «Қайсар» мен оның жанкүйерлеріне ықыласым шексіз. Олардың қолдауы болмағанда мен «Астанада» ойнамас едім. 

 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5660 )