РУС ҚАЗ
Премьер-лига
x

Жарыстар орталығы

  • Суперкубок
  • Премьер-лига
  • Бiрiншi лига
  • Екінші лига
  • Қазақстан Кубогы
  • Өтпелі ойын

ЖаңалықтарҚКФЛ мүшелерінің Ортақ жиыны өтті

15 Қаңтар 2020, 16:00

Күн тәртібіне алдағы маусымның сұрақтары енгізілді. Келесі маусымның күнтізбесінің жеребе тару рәсімінің форматын анқытады.

 
Жиын басында ҚКФЛ жарыстарына қатысатын жаңа мүшелер қабылданды.
 
Қатысушылар Екінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігі мен 2020 жылғы ел кубогы ережесінің соңғы нұсқасын растады. Өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Футбол федерациясының Атқарушы комитетіне жіберілді.
 
Сонымен қатар,Чемпионат пен Кубок ойындарының түсірілім жұмыстарына қатысты 2020 жылғы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының Техникалық регламенті бекітілді.
 
Отырыста жыл сайынғы Серік Жейлітбаев атындағы естелік сыйлықтың иегеріне үміткер анықталды. Серік Жейлітбаев атындағы жүлде 2013 жылы тағайындалды. Сол жылы 38 жастағы футболшы дүниеден озған болатын. Серік Жейлітбаев үш рет Қазақстан чемпионы, екі рет Қазақстан Кубогының иегері атанды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ел чемпионатында 416 ойын өткізген «Тобыл» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев марапатқа ұсынылды.
 
Жиынға қатысушылар Қазақстан ұлттық антидопинг орталығымен серіктестік жөніндегі меморандум аясында футбол клубтарының дәрігерлеріне арналған допингке қарсы семинар өткізу мәселесін талқыға салды.
 
Басқосу соңында Премьер-лига клубтарының жетекшілері 2020 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының күнтізбесінің жеребе тарту рәсіміне қатысты. 

Social

/ PFLKAZ

PFLK TV
Array ( [kaz] => news [id] => 5643 )